Атырауда «Төртінші онжылдықтағы Тәуелсіз Қазақстан» жастар форумы өтті

0
1332

22 қазан күні «APEC Petrotechnic» жоғарғы колледжінің акт залында «Төртінші онжылдықтағы Тәуелсіз Қазақстан» атты облыстық жастар форумы өтті. Форумға Атырау қаласының өнерлі және белсенді жастары қатысты. Спикерлер қоғамда өзекті мәселелер төңірегінде сөз сөйледі.

Ең алғаш болып Атырау облыстық мәслихат депутаты Бексұлтан Дүйсенғұл шықты. Ол Атырау қаласында басты проблемаға айналған Жайық өзенінің тартылуы мен жалпы экологиялық мәселелер жайында сөз қозғады. «Жайық өзеніне мен қалай көмектесе алам деген сұрақ әр тұрғында болады» деп сөз бастаған Бексұлтан Дүйсенғұл халықтың суды үнемсіз, рационалсыз қолданып жатқандығын түрлі мысалдырмен түсіндіріп берді. Басқа мемлекеттерде су мәселесі қалай шешілетіні жайында айта кетіп, Атырау қаласындағы мәселе шешімімен салыстырды.

Екінші спикер Қоныспаев Ілияс қазіргі қоғамда нетуоркиңтің маңызы жайында сөз қозғады. «Жетістікке жетудің ең маңызды күші – нетуоркинг» деп есептеуінің себептерін түсіндірді. Өз басынан өткен тәжірибесімен бөлісіп, жеке тұлғаға қалай әсер ететінін айтып берді. «Жетістікке жетудің ең маңызды кілті – қайрымдылық. Бұл ақшаға ғана байланысты емес, бұл – адамдарға көмектесу, табыстарыңмен бөлісу». Бұл нетуоркиңті жақсартуға көмектеседі. Жетістікке жету үшін айқын мақсаттың болу керектігін, ол үшін әрекеттің де басты рөлде екенін алға тартып, сөз соңында қоғаммен байланысты нығайтуға көмектесетін кітаптарды ұсынды.

Келесі болып Атырау қаласының «Назарбаев зияткерлік мектебінің» директоры Құралай Ахмадиева сахнаға шықты. Ол өзінің мектебі жайында сөз қозғап, оқушыларының болашағы үшін замануи білім беру әдістерін қолданатындарын тілге тиек етті. «Барлығы табысты болатын мектеп» деген ұраны бар мектеп түлектері бүгінде қоғамның маңызды салаларында қызмет жасап жүргендерін айтты. Сондай шәкірт тәрбиелейтін ұстаздарды академиялық адалдықты насихаттау мақсатында оқыту жоспарларында бар. «Барлық бала талантты. Оны аша білу әрбір ұстаздың қолынан келеді. Тек дұрыс жұмыс жасау керек». Бұл ұстаздарды оқыту туралы бастаманың басты себебі. «Біз ертең өмір сүре алатын жастарды болашаққа дайындаймыз» деп өз сөзін қорытындылады.

Соңғы болып сахнаға парадзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері, Халықаралық дәрежедегі спортшы Ерлан Утепов шықты. Ол жастарға мотивация беру мақсатында өз өмірі жайында сыр шертті. Спортқа қалай келгенін, өмір сынақтарынан отбасының қолдауымен қалай өткендігі жайында айтып, Токио олимпиадасындағы Атырау параспортшыларының жеткен жетістіктерін дәріптеді: «Токио олимпиадасында параспортшылар бұрын сонды болмаған нәтижеге қол жеткізді. Соның ішінде Атырау спортшылар биіктен көрінді. Сол бауырларымның қуанышын бірге көргеніме өте қуаныштымын». Ерлан Утепов сөз соңында келген қатысушыларға алғысын білдірді.

Форумды Ішкі саясат басқармасының орынбасары Сағадат Орынбасарұлы қорытындылады: «Аудиторияның, халықтың алдына шығып, болмаса біреумен кездесіп, біреумен танысу арқылы, адамның өмірлік көзқарасы қалыптасады. Сіздер тілдесу арқылы өздеріңізге керектеріңізді аласыздар, сөйтіп өмірлік қорларыңызды кеңейтесіздер». Сөз соңында спикерлер мен аудиторияға алғысын айтып, форумның жоғары дәрежеде өткенін жеткізді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here