Жаңаөзенде «Маңғыстау жұлдыздары» дәстүрлі өнер фестивалі өтті

0
538

Жаңаөзен қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты Маңғыстау облыстық XII «Маңғыстау жұлдыздары» өнер фестивалі өтті.

Маңғаз өлкеміздің мәдениеті мен өнерін асқақтатып, дарындыларға демеу болып, тәй-тәй басқан таланттарды төріне шығарған, дәстүрлі байқау – еліміздің Тәуелсіз ел болғанына 30 жыл толуын басты бағытқа ала отырып, Өнер фестивалі Қашаған Күржіманұлының 180 жылдық, Нұрым Шыршығұлұлының 190 жылдық, Жамбыл Жабаевтың 175жылдық, Дина Нұрпейісованың 160 жылдық, Ахмет Жұбановтың 115 жылдық, Латиф Хамидидің 115 жылдық, Әлиасқар Қожабергеновтың 110 жылдық, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық, Ілия Жақановтың 85 жылдық, Маршал Әбдіхалықовтың 85 жылдық, Қабдеш Жұмаділовтің 85 жылдық, Ізбасар Шыртановтың 80 жылдық, Күріш Тасболатовтың 80 жылдық, Исрайл Сапарбаевтың 80 жылдық, Күләш Ахметованың 75 жылдық, Кеңес Дүйсекеевтің 75 жылдық мерейтойларын қамтыды.

Байқауда Жаңаөзен қаласының өнерпаздары 22 номинация бойынша: халықтық-аспаптық музыка жанры (оркестр, домбырашылар ансамблі), халықтық аспаптарда орындау, дәстүрлі ән, жыр,эстрадалық музыка жанры бойынша вокалды аспапты ансамбльдер (соло, дуэт, трио, квартет), көркемсөз оқу, классикалық жанр, хореография жанры (халық биі, эстрадалық сахналық би, жеке би, тақырыптық би), бейнелеу өнері, дәстүрлі ән және айтыстан сынға түсті. Байқау жеңімпаздары әділқазылар алқасының шешімімен анықталады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here