Маңғыстауда «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» өнер фестивалі жалғасуда

0
1138

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы қолдауымен «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» тақырыбында дәстүрлі облыстық XII «Маңғыстау жұлдыздары» өнер фестивалі Мұнайлы ауданында болып өтті.

Қашаған Күржіманұлының 180 жылдығы, Нұрым Шыршығұлұлының 190 жылдығы, Д.Нұрпейісованың 160 жылдығы сынды т.б. мерейтойларды қамтиды. Фестиваль 12 номинация бойынша өтті. 150-ге жуық өнер иелері қатысты. Мақсаты – Ел Тәуелсіздігінің жарқын жетістіктерін насихаттау, Ұлттық өнердің жалпы руханияттың өркендей беруі бағытында.

Аудан өнерпаздары өте жоғары деңгейде дайындықпен келіп, тамаша өнер көрсетті. Келешек жастарды Отансүйгіштікке, патриоттық тәрбиеге баулуда, жан-жақты өнерлі болуына үлесір зор болды. Ел Тәуелсіздігінің мерейлі жастары Қазақ елінің дария өнеріне сусындап, домбыра үнінің сиқырлы күмбіріне риза болып, жалпы көрермен қауымды бір серпілтті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here