Сөз бостандығы лағып сөйлеу емес…

0
1120

Екі жыл талқыланған «Масс-медиа туралы» заң қабылданды. Енді бұл заңды іске асыру мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігі шығарған аккредитациялау мәселесіне қатысты қағида жан-жақты талқылануда. Бұл туралы журналист Ораз Әлімбеков өзінің «Facebook» парақшасында жазды.

http://<iframe src=»https://www.facebook.com/plugins/post.php?href=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Foraz.alimbekov%2Fposts%2Fpfbid0oCeR53GnPLJ58GhXqR2Zyd8rAisZSGAXV8niCUfwVahjsWBhiWvN2YLn7neif4pPl&show_text=false&width=500″ width=»500″ height=»292″ style=»border:none;overflow:hidden» scrolling=»no» frameborder=»0″ allowfullscreen=»true» allow=»autoplay; clipboard-write; encrypted-media; picture-in-picture; web-share»></iframe>

«Жалпы, журналистке аккредитация беру мәселесіне қатысты дауды тудырған Ақпарат министрлігі емес, Сыртқы істер министрлігі тұғын. Сыртқы саясатпен шұғылданатын ведомствоның мұхиттың арғы жағымен қандай саяси сауда жүргізгенін білмейміз, бірақ АҚШ-тың мемдепартаменті қаржыландыратын «Азаттық радиосының» бірнеше журналистіне акрредитация бермей қойған. Осы дау Қазақстан журналистикасына қатысты «Масс-медиа туралы» заңның объективті талқылануына кесірін тигізді. Қазақстан «жабық қоғам құруға, цензураға» бет алды деген нарратив күшейіп тұр. Мұны көбіне шетелден қаржыландырылатын ұйымдар мен орыстілді Тамара Валль, Айнур Коскина секілді журналистер қоздатуда, журналистерге қандай да бір жиынға «аккредитация алу мәселесі қиындайды» дейді.

Шындығында, мемлекеттік болсын, жекеменшік компания болсын, өзі ұйымдастыратын жиынға қандай журналисті шақыруды, қандай журналисті кіргізбей қоюды бұрыннан өзі шешетін. Дәл осындай шектеуді саяси партиялар да, оның ішінде оппозиция да қолданып жүрді. Естеріңізде болса, Жанболат Мамай да, Жармахан Тұяқбай да өзі ұйымдастырған жиынға келген кейбір журналисті ғимараттан қуып шыққан. Әрине, бұл демократиялық ұйымның принципіне қайшы, журналистің ақпарат алу және оны тарату құқығын шектеуге бағытталған әрекет. Сондықтан болса керек, журналистердің қоғамдағы статусын бекіту үшін Ақпарат министрлігі аккредитациялау принципін заңға енгізіп, соның ережесін нақтылады. Онда жиынның регламентін және қоғамдық тәртіпті сақтауды журналистерге де міндеттейді.

Мысалы, кез келген жиынның өз тәртібі болады. Кейбір көргенсіз журналистер жиын өтіп жатқан залды әрі-бері ойқастап фото-видео түсіруге кедергі жасайды. Немесе «мен не деймін, домбырам не дейдінің» керін келтіріп, жиын тақырыбына тіпті қатысы жоқ сұрақ қойып, ойды басқа жаққа алып кетеді. Мысалы, «Ақ жол» партиясы экология мәселесі бойынша жиын өткізіп жатыр делік. Әлдебір топтың мүддесі күйттеп, тапсырмамен келген журналист Перуашевтың білезігіне таққан сағатының құнын, брендін сұрап лағады. Немесе парламентке аккредитацияланған журналист Қошановтың көстем-шалбарының бағасын сұрап қыртады. Мұның бәрі жиын регламентін әдейі бұзу ғана емес, нақты мәселені жазуға келген журналистердің өзіне де кедергі. «Масс-медиа туралы» заңға байланысты шығарылған аккредитацияның ережесі дәл осы келеңсіз жағдайды реттеуге, заңды жолмен ақпарат алып, оны таратуға құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталған деп ойлаймын», – деп пікірін білдірді журналист.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы 19 маусымда «Масс-медиа туралы» заңға қол қойды. Масс-медиа туралы мақаланы https://qazaq1913.com/2024/06/27/mass-media-turaly-za-zha-ashyldy-y-men-ereksheligi/ осы жерден оқуға болады. Сонымен қатар, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева БАҚ өкілдерін іс-шараларға тіркеудің жаңа тәртібіне қатысты түсініктеме берді. Оны мына жерден оқыңыз: https://qazaq1913.com/2024/07/20/aida-balaeva-zhurnalisterdi-akkreditteu-t-rtibine-andaj-zgeris-engizilgenin-t-sindirdi/

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here