Қараөткел ауылында көпфункционалды спорт алаңы ашылды

0
210

Ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортқа, дене шынықтыруға және балаларға басымдық беру керектігін атап өтті. Ағымдағы жылдың 24 қарашасында Целиноград ауданында ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қараөткел ауылында жаңа спорт алаңының ашылуы өтті.

«Бүгінгі таңда ауданда 160 спорт ғимараты жұмыс істейді. Спорт алаңының ашылуы, әсіресе балалар мен жастар арасында көше спортына деген қызығушылықтың артуын ескере отырып, спортты және салауатты өмір салтын насихаттау үшін маңызды оқиға. Біздің спортшылар бірнеше дүркін чемпиондар, республикалық және халықаралық жарыстарда сынға түсіп, жүлделі орындарға ие болды. Олар өз үлгісімен басқаларды шабыттандырады, жеңіске жетелейді. Жыл сайын спортшылар мен спорт сүйер қауым, салауатты өмір салтын жақтаушылар қатары толығуда», – деп атап өтті аудан әкімдігінде.

Спорт алаңының ашылуы – бұл спортты дамыту, балалар, жастар мен ересектерде салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін үлкен жолдың басы.

«Спорт – бос уақытты ұйымдастырудың тиімді және талап етілетін түрлерінің бірі. Спорт алаңдарын ұйымдастыру дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін толыққанды жағдайлар жасауға ықпал етеді, жастарымызды бұқаралық спортқа тартады, салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді және зиянды әдеттердің алдын алудың пәрменді нысаны болып табылады.

Барлығы кішкентайдан басталады. Болашақта халықаралық жарыстарда еліміздің Туын желбірететін чемпиондар осы алаңда өседі деп үміттенеміз», – деп ауыл тұрғындары қуанышпен бөлісті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here