Білім мен ғылымның ордасы

0
1285

Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Орталық Азия мен ТМД елдерінде өзінің көшбасшылық ұстанымымен ерекшеленетін жоғары оқу орны. ҚазҰУ-дың әлемдік деңгейдегі көшбасшы университет ретінде прогреске қол жеткізуі білім ордасындағы профессорлардың, оқытушылардың, ғалымдар мен білім алушылардың серпінді жұмысының нәтижесі екені сөзсіз. Бұл – университеттің халықаралық аренада жоғары бәсекеге қабілеттілігі мен танылуының көрсеткіші. Университеттің басты мақсаты – қазіргі заманғы зияткерлік талаптар мен даму стратегиясына сәйкес келетін жаңа формациядағы мамандар – кадрлық әлеуетті қалыптастыру әрі әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті зерттеу орталығын құру.

Білім берудің жоғары сапасы ҚазҰУ-дың бірегей ғылыми және әдістемелік әзірлемелеріне негізделген. Білім берудегі ерекшеліктердің бірі ретінде жетекші шетелдік университеттермен жүйелі ынтымақтастықтың әрі модульдік жүйені, мастер-класстарды дәйекті пайдаланудың арқасында оқу курстарының басым болуымен қамтамасыз етілуін қарастыруға болады.

ҚазҰУ-дың дамуының әрқашан прогрессивті сипатта болуын оның  стратегиялары, бағдарламалары мен жоспарлары растайды. Жинақталған тәжірибе университетке жаңашылдықты қалыптастыру мен іске асырудың тұрақты жұмыс істейтін жүйесін қалыптастыруға, белсенділіктің жаңа әрі жоғары деңгейіне өтуге мүмкіндік береді. Бұл инновациялар тек оқытудың жаңа әдістерінде және ғылыми зерттеулер жүргізуде ғана емес, сонымен қатар ҚазҰУ-дың басты бәсекелестік артықшылығы болып табылатын адами капиталдың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін ынталандырулар мен уәждемелер жүйесін құруда көрініс тауып отыр.

Сөзімнің соңында айтарым, қазіргі уақытта осындай көшбасшы білім ордасының студенті атанып, білім нәрімен сусындап жатқаныммен мақтанамын. Болашақта осы алған білімімнің жемісін көріп, бәсекеге қабілетті мықты маман иесі болып шығатыныма кәміл сенемін!

Айдана ЕРМЕКОВА,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің 3-курс студенті

Жетекші – Бақыткүл МЕНЛЕНҚЫЗЫ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here