Арманымдағы университет

0
1177

Жоғарғы оқу орны қоғамдағы маңызды рөлді атқарады, ол оқытудың, оқудың және адамдардың жеке тұлға ретінде дамуына жауапты фактор болып табылады. Сондықтан білім беру жүйесіне, оқыту құрылымына мұқият қарау керек.

Әрбір түлек үшін жоғары оқу орнын таңдау оңай емес, алайда менің жағдайымда бұл аса қиынға соққан жоқ. 2019 жылы ҰБТ-ға дайындау орталығымен Алматы қаласына жоғарғы оқу орындарын таңдау үшін келген болатынбыз. Ең мықты деген университеттерді, солардың ішінде Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, СДУ, Абай атындағы ҚазҰПУ және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қарадық. Сол оқу орындарының ішінде менің көңілімде ерекше орын алған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Осы сапардан кейін менің басты арманым – ҚазҰУ-ға түсу болды.

2020 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп, арманымдағы оқу орнына грантқа түстім. Қазіргі таңда құқықтану мамандығы бойынша білім алудамын. ҚазҰУ-ға түскенім үшін өкінбеймін. Себебі, ол – Қазақстандағы ең ірі оқу орындарының бірі. Университет жоғары білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім беру кеңістігіне одан әрі интеграциялауға, іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, оларды өндіріске енгізуге бағытталған орасан зор білім беру, ғылыми, рухани-тәрбиелік, инновациялық және өндірістік әлеуетке ие. Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бізге мамандықтардың кең таңдауын ұсынып отыр. Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары бар. Онда 2 мыңнан астам профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары және философия докторлары, 100-ден астам ірі академиктер, 40-тан астам Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері жұмыс істейді. Университетте 30 мыңнан астам студенттер мен магистранттар оқиды. Олар үшін оқу кезеңіндегі гранттар мен жеңілдіктер, жақсы оқу үлгерімі мен белсенді әлеуметтік өмірі үшін 50%-ға дейін жеңілдіктер ұсынылады.

Лаура САҒИДУЛЛА,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің 3-курс студенті,

Жетекші – Бақыткүл ҚОНЫСБАЙ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here