Ақтөбеде керамикалық гранит пен тақтай шығаратын зауыт іске қосылды

0
569

Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Зерде Керамика-Ақтөбе» ЖШС-нің «Ақтөбе» индустриалды аймағында орналасқан керамикалық гранит пен керамикалық тақтай шығаратын зауытының техникалық іске қосылу шарасы өтті.

«Қазіргі таңда өндірістің бірінші кезеңі іске қосылды, зауыт өз қуаттылығының жартысында жұмыс жасайды. Өнімдерін сату басталды, 50 пайызына дейін Ресейге экспорттау жоспарда бар. Шикізаттың жартысы – жергілікті. Бүгінде 150 адам жұмыс істейді. Келесі жылы наурыз айында екінші кезеңі жүзеге асырылып, зауыт толықтай іске қосылғанда қызметкерлері шамамен 120 адамға көбейеді»,- дейді өндіріс директоры Ерлан Тілеуқабылов.

Облыс әкімі О.Оразалин: «Біз осындай кәсіпорындарды көбейтуге жұмыстануымыз керек. Сол үшін мемлекет тарапынан тиісті қолдау бар, мемлекеттік бағдарламалар бар»,- деп атап өтті.

«Зерде Керамика-Ақтөбе» ЖШС зауытын «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ ҚР индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында салған. Жылына 5 млн м2 өнім шығаратын кәсіпорында Италиядан әкелінген алдыңғы қатарлы жабдық орнатылған. Жобаға құйылған инвестицияның жалпы көлемі – 9,2 млрд. теңге.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here