Алматы облысының Үңгіртас ауылында Мәдениет үйі ашылды

0
487

1 желтоқсан сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының «1 Желтоқсан Тұңғыш Президент» күні және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алматы облысы Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылында Үңгіртас ауылдық мәдениет үйі ашылды.

Салтанатты іс-шараға Жамбыл ауданының әкімі, аудан әкімі орынбасарлары, Ішкі саясат бөлімінің басшысы, облыс және маслихат депуттаттары, ауыл ақсақалдар алқасы, Үңгіртас, Сарыбастау, Көкқайнар, Ақдала ауыл тұрғындарының өкілдері, белсенді азаматтары, мекеме басшылары, жалпы 200 адам қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – жаңа салынған мәдениет үйінің салтанатты ашылу рәсімін өткізіп, қолданысқа беру.

Модератор: Алматы облысы Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылдық округінің әкімі Д.Абдуали.

Спикерлерден алғашқы болып, аудан әкімі Н.Ертас құттықтау сөзін айтып, қолданысқа беру қажеттігіне тоқталды.

Ашылып жатқан жаңа нысанмен құттықтау үшін сөз кезегін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мейрамбек Таймерденұлы Таймерденов алды.

Ауыл тұрғындарын мерекемен Жамбыл ауданының құрметті азаматы Әскербек Көкеұлы Абаев және «Ардагерлер» ұйымының төрағасы Мендібаев Батырхан құттықтады.
Ауылдың «Ақсақалдар алқасының» мүшесі Толокулов Асанқұл ата мердігерлер мен әкімдік өкілдеріне алғысын білдіріп, батасын берді.

Салтанатты іс-шара балалардың шығармашылығын дамыту мақсатында ашылған дәстүрлі ән – би, қолөнер, ауылдық кітапхана кабинеттерімен таныстырудан басталды.
Аудан әкімі ауылдық кітапханаға Жамбыл Жабаев шығармашылығы мен өмірі туралы кітаптарды сыйға тартты.

Әріптестерінің қуанышын бөлісуге аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері мен «Сүйінбай сазы» Халықтық фольклорлы-этнографиялық ансамблі келді.
Ансамбль ән-шашу мен концерттік бағрарламаларын сыйға тартты.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here