Елбасы ұсынған «Елдіктің жеті тұғыры» қағидатын ҚазҰАЗУ жастары қолдайды

0
1692

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарының маңыздылығын талқылауға арналған онлайнофлайн форматта дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараға О.Сүлейменов атындағы әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институтының директоры Есенгелді Медеуов, «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер орталығының жетекшісі Хангелді Әбжанов, комплаенс-офицер Марат Абдикешов, «Парасат» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру орталығының жетекші маманы Сандуғаш Мауяева және Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент қызметкерлері мен студенттер қатысты.

ҚазҰЗАУ «Парасат» орталығында өткен дөңгелек үстелді Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Жанара Дауренбаева ашып, Ұлт көшбасшысының қағидаттарын оқу орнының әрбір білім алушысы терең ұғынып, оны өскелең ұрпақтың бойына сіңірудің маңыздылығын атап айтты.

 «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты үндеуі – жас ұрпақтың саналы азамат болып өсуіне арналған қағидаттар тұғыры. Бұл тұғырды тиянақтау және тұлғаландыру – жаңа буынға аманат. Елбасы санамалап өткен бұл құндылықтар оқу орнымыздың студенттерінің ғана емес, жалпы жастардың жетістікке жету, қоғамға пайдалы адам болып, өнім беру жолындағы басты қағидаларына айналуы тиіс», – деді проректор Жанара Дауренбаева.

Жиында «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығына қатысты шараға қатысушы ұстаздар мен студент жастар өз ойларын ортаға салып, Елбасының пікірін толық қолдайтындарын жеткізді.

ҚазҰАЗУ аграрлық саладағы жетекші ЖОО бола отырып, жоғары білікті әрі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаумен қатар, Елбасы қағидаттарында атап өткен жас ұрпақтың патриот болуына, оларды толеранттылыққа, жоғары мәдениетке және әлеуметтік жауапты тұлға болып қалыптасуына көп көңіл бөлінуде. Осы бағытта университетте мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізіліп келеді. Тәрбие қызметінің кешенді жүйесі құрылып, осы бағыттағы жаңаша инновациялық тәсілдер қолданылуда. Мәселен, білім ордасында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 ғылыми жоба», «30 үздік жас ғалым», «30 үздік стартап-жоба», «30 үздік студент» және т.б. жобалар іске асырылуда.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here