Атырауда Тергеу басқармасы жергілікті атқарушы органдарға екі мыңнан астам ұсыныс жолдады

0
1938

Атырау облысы полиция департаменті Тергеу басқармасы аумақта орын алған қылмыстарды тергеу барысында талдау жұмыстарын жүргізіп, құқықбұзушылықтардың алдын алу және оны қайта болдырмау мақсатында жергілікті атқарушы органдар, басқарма, бөліністерге ұсыныстарын жолдайды.

Мәселен, жыл басынан бері облыс аумағында жыл басынан бері қылмыстардың алдын алу бағытында Тергеу басқармасы 2 000-нан астам ұсыныс берген. Оның ішінде: көшеде орын алған тонау қылмыстары бойынша жарықтандыру мәселелерін реттеу, бұрын сотталған тұлғалармен жүргізілетін профилактикалық тексерістерді күшейту бағытында және бақылау камерасын қою секілді ұсыныстар жолданған.

Айта кетейік, бұл бағыттағы жұмыстар КПК-нің 200-бабының тәртібі аясында, яғни атап айтқанда, қылмыстық құқықбұзушылық және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде енгізу бағытта жүзеге асады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here