Отыз жылда посткеңестік елдердегі халық саны қалай өзгерді?

0
3760

1991 жылы жетпіс жыл бойы он бес кеңестік республиканы «ашса алақанында, жұмса жұдырығында» ұстап келген КСРО-ның шаңырағы шайқалып, «халықтар түрмесі» аталған алып империя тарих қойнауына енді. Сөйтіп, тоқсаныншы жылдардың басында әлем картасында он бес мемлекет пайда болды. Отыз жылда он бес елдің тоғызында халық саны кемісе, қалған алтауында керісінше демографиялық дүмпу байқалды. Мысалы, азаттық алған жылдары Украина халқы 10,4 млн адамға азайса, Өзбекстанда керісінше халық саны 15,2 млн адамға дейін көбейген.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here