«Қасіретті қаңтар»: Еуропарламенттің бұрынғы вице-президенті пікір білдірді

0
1159

Қазақстан Республикасында 2 қаңтарда басталған зорлық-зомбылықтың өршуі сол күннен бастап басты тақырыптарға айналып, мемлекетке қатысты қызығушылықтың артуына себеп болып және осы Орталық Азия елі үкіметінің жылдар бойы оны Еуропаға жақындатуға бағытталған мақтауға тұрарлық күш-жігеріне қарамастан Испанияда әлі де аз танымал болуда. Әйтсе де, жақсы жаңалықтан гөрі БАҚ өз назарын әрқашанда жағымсыз жаңалықтарға көбірек аударуда. Соңғы екі аптада қазақтардың бейбіт өмірін дүр сілкіндірген қанды бейберекеттіктен кейін ғана испандықтар 1991 жылы тәуелсіздігін алған, оған дейін 19-шы ғасырда патша империясының құрамына кірген, одан кейін бұрынғы КСРО-ның құрамында болған мұнай мен газға, алтын, алюминий, уран, хром, молибден, никель, кобальт және басқа да табиғи ресурстарға бай ұлан-ғайыр елге өз басын бұрды.

Күткендей, Қазақстанда болып жатқан қайғылы оқиғалардың себеп-салдарын түсіндіруге бағытталған талдаулар біздің дереккөздерімізде де көбейіп кетті. Олардың қатарында бұрынғы испан сыртқы істер министрінің «қауесеттерге ергенше үндемеген дұрыс» деген сөзді қайта жандандырған кең ауқымды түсініктемесі.

Мен Еуропарламенттің вице-президенті болған он бес жыл ішінде Қазақстанға екі рет келдім және содан бері соңғы отыз жыл ішінде материалдық, мәдени, әлеуметтік және саяси жетістіктері айтарлықтай болған халықпен тығыз қарым-қатынаста болдым. Қазақстанның жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі он төрт есеге өскенін айтсақ та жеткілікті. Елге 370 миллиард доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Ол барлық деңгейде білім беруде айтарлықтай жетістіктерге жетті және Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингінде жиырма бесінші орынға ие болды. Оның ең көп қоныстанған қаласы Алматы қарқынды қаржылық және коммерциялық орталық болып табылады, ал жаңа елорда – модернизацияның елеулі күш-жігері, жақсы талғам, шекті сән-салтанат пен эстетикалық тепе-теңдік арқылы жоқтан құрылған сәулет пен ландшафттық ғажайып. Мен Астана университетінде оқыған лекциямды қуанышпен еске аламын, онда менің баяндамамнан кейінгі кең әрі қызу пікірталасқа қатысқан жүздеген студенттердің байыпты дайындықтары мен тамаша ағылшын тілін көрсеткені мені таң қалдырды. Осындай деңгей біздің мемлекеттік жоғары оқу орындарында болғанын қалаймын.

Қазақстанның тағы бір назар аударарлық ерекшелігі – әртүрлі діни конфессиялардың, бір көшеде православ шіркеуі, католиктік шіркеу, синагоганың немесе мешіттің алдында серуендеуге болатын ашық және толерантты жағдайдағы діннің толық еркіндігі аясында үлгілі қатар өмір сүруі. Дүниежүзінің көптеген басқа елдерінде бұрын-соңды болмаған жайт – діндарлар құрмет пен келісімде өмір сүреді. Бұл жағымды қасиет институционалдық, әлеуметтік және саяси деңгейде Үкімет пен Президент тарапынан мұқият насихатталды.

Қазақстанда жүзден астам адам қаза тапқан, мыңнан астам адам жарақат алған, әкімшілік ғимараттар қираған, әуежайлар басып алынған, шабуылдар жасалған әлеуметтік құрылымдағы елеулі өзгерістерді сипаттау қауіпсіздік күштері мен армияға қатысты ерекше қатыгездік, тонау мен бұзақылық кезінде мыңдаған адамдар қамауға алынған және бірнеше миллиард еуро шығынына жанармай бағасының негізсіз өсуінен туындаған азаматтардың стихиялық наразылығы ретінде басталды деу шындыққа ешқандай қатысы жоқ. Елдің батыс өңірлерінде сұйытылған табиғи газдың қымбаттауына арналған шерулер бейбіт өтті. Үкімет бұл ұнамсыз шараның күшін жою үшін дереу әрекет етті, бірақ өз қызметінен босатылды. Бұл жағдайды көлеңкеде дайындалған, нағыз төңкеріс жасау мүмкіндігін күтіп отырған диверсиялық топтар пайдаланды. Мұны Алматыдағы Қасиетті Троица епархиясының епископы отандасымыз Хосе Луис Мумбиела өз резиденциясының терезесінен зомбылықтарды көріп, орын алған жайтқа баға беру барысында оларды наразылық емес, қарулы шабуыл ретінде сипаттады. Оқиғаға кімнің жауапты екені әлі белгісіз болса да, барлау қызметінің басшысы мен басқа да жоғары лауазымды шенеуніктердің қамауға алынғаны және тиісті тергеулер жақын арада бұл вакханалияның жай-жапсарын ашатын болады.

Қалай болғанда да, бұл ішкі құбылыс және институционалдық құрылымның қалай құлдырамағанын және Президент Қ.Тоқаев пен биліктің дер кезінде, салмақты және батыл реакциясы арқасында қазақстандық қоғамға тыныштық пен бейбіт өмірдін қалай қайтарылғанын көру қуантады. ҰҚШҰ мүшелерінен, Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан және Тәжікстаннан көмек сұрауы, ең алдымен, бұл ұйымның миссияларының бірі – бейбітшілікті сақтау және терроризммен күресу болғандықтан, және екіншіден, елдегі он бір облыстың басты қалалары бейберекетсіздіктен отта лаулаған сәтінде өте орынды болды. Көршілердің көмегінсіз мұндай ереуіл бүкіл аймақты тұрақсыздандырып, Қазақстанды одан әрі ойран мен азаматтық соғысқа батырар еді. Ресей өзінің гегемониясын көрсету үшін Қазақстанда қалуға құлшынысы бар деген пікір тағы бір негізсіз қиял болып табылады. Іс жүзінде ҰҚШҰ контингентін шығару жақын арада басталып, жақын арада аяқталады.

Ал, әзірше Орталық Азиядағы сыртқы сауданың 50%-ы және инвестицияның 48%-ы ЕО-дан келетін Қазақстанмен жақында ғана жетілдірілген кеңейтілген Әріптестік және ынтымақтастық жөніндегі келісімді қолдайтын Еуропалық Одақ әзірге Қазақстан үкіметімен жүзеге асырылып жатқан экономикалық, әлеуметтік және құқықтық реформалардың ауқымды бағдарламасында, әсіресе демократияның сапасын арттыру және адам құқықтары саласында Қазақстанмен белсенді ынтымақтасуы керек. Егер біздің, еуропалықтардың, Азиядағы шынайы, болашағы зор және өзекті серіктесі болса, ол – Қазақстан. Осыны ұмытпай, Қазақстан бізге қандай сүйіспеншілікпен, ілтипатпен, құрметпен қарағандай, бізде оған солай қарайық.

Алехо Видал-Куадрас,
Еуропарламенттің бұрынғы вице-президенті,
Каталония Халық партиясының бұрынғы төрағасы

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here