Ел мен екпе: Канада екпе алмағандарға айыппұл салады

0
965

Канадада билік екпе алмағандарға салық салуға ниетті. Ал, Португалия елге коронавирусқа тестілеудің теріс нәтижесі болмаған жүздеген саяхатшыға айыппұл салды. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия өзінің Telegram каналында хабарлады.

Жаңашылдықтар Канаданың 8,2 млн тұрғыны бар Квебек провинциясына әсер етеді. Провинция басшысының айтуынша, «Денсаулық сақтау жарнасы» деп аталатын бұл салықты екпеден бас тартқандар төлейді.

Оттава осындай қадамды қолға алып жатқанда, Лиссабон 1-10 қаңтар аралығында Португалияға келген кезде коронавирусқа тестілеудің теріс нәтижесі болмаған 2,2 мыңнан астам саяхатшыға айыппұл салып үлгерді. Туристерді коронавирусқа тексерудің бастапқы теріс нәтижесінсіз кіруге рұқсат бергені үшін барлығы 41 әуекомпанияға айыппұл салды.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін 38,6 млн халқы бар Канадада 2,9 млн адам, 10,3 млн тұрғыны бар Португалияда 2,2 млн адам коронавирусты жұқтырса, алғашқысында 29,8 млн адам немесе халқының 78,3 пайызы, соңғысында 9,18 млн адам немесе халқының 89,1 пайызы екпенің толық дозасын алған.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here