Сұранысқа ие мамандықтар бағдарламасы

0
1288

2024 жылдың 10 шілдесінде Францияға жұмыс  сапары аясында Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Болат Тілеп бастаған делегация Лотарингия университетінің Құқық, экономика және басқару институтының директоры Пьер Тифинмен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.

2017 жылдан бастап Пьер Тифин басқаратын институт Абай университеті жанындағы Сорбонна-Қазақстан институтымен құқық саласында екіжақты ынтымақтастықты дамытуда. Бұл ынтымақтастық халықаралық құқық, экономика және басқару бойынша қос дипломды бакалавриат бағдарламаларын құруға ықпал етті.

Кездесу барысында ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумның мерзімі ұзартылып, филиал ішінде сұранысқа ие мамандықтар бойынша қос диплом алу үшін бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру, біліктілікті арттыру, жазғы/қысқы мектептер, дәрістер оқу үшін ғалымдар мен сарапшыларды тарту және Абай университетінің ғалымдарымен бірлескен зерттеулер мен ғылыми жобаларды жүзеге асыру бойынша жоспарлар белгіленді.

Профессор Пьер Тифин француз тарапынан Лотарингия университеті филиалының жұмысын үйлестіретін болады, бұл ұзақ мерзімді перспективаға сенімділік береді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here