Бітімгершілік дайындық орталығының оқытушыларына сертификаттар табыс етілді

0
291

Алматыда Қорғаныс министрлігінің Бітімгершілік дайындық орталығының оқытушыларына арналған тіл үйрету курсы аяқталды. Ол британдық «Бітімгерлерге арналған ағылшын тілі» жобасы аясында өткізілді.

Офицерлер үш апта бойы заманауи оқу әдістерін зерделеп, тәжірибе жинақтады. Білім алушыларға арнайы ауызша және жазбаша тапсырмалар әзірленді, презентациялар, аудио және бейне материалдар дайындалды. Курста оқытушылар аудиториямен жұмыс істеудің түрлі тәсілдерін меңгерді.

Ұлыбританияның әскери атташесі подполковник Роберт Бакстер офицерлерді курсты нәтижелі тәмамдауымен құттықтады. Ол оқытушылардың курстан алған тәжірибесін өздерінің кәсіби қызметінде қолданарына сенімді.

Орталық бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин оқытушылар құрамының біліктілігін арттыруға көмектескені үшін британдық тарапқа алғысын жеткізді.

Курс соңында «Бітімгерлерге арналған ағылшын тілі» жобасын одан әрі іске асыру мәселелері және одан басқа да бірлескен
іс-шараларды ұйымдастырудың жай-жапсары талқыланды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here