Шетелдік Tiji, Nickelodeon балалар арналары қазақ тілінде көрсетіледі

0
1402

Шетелдік Tiji, Nickelodeon арналарының балалар контенті қазақ тілінде жарық көреді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 3 наурызда өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде белгілі болды.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров өз сөзінде қоғамдық сананы жаңғырту саласында алты негізгі бағыт жатқанын атады.

«Былтырдан бастап бағдарлама өскелең ұрпақты, әсіресе оқушыларды және мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуге басымдық бердік. «Ұлттық тәрбие», Tiji және Nickelodeon арналарының балалар контентін қазақ тіліне аудару секілді ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Айтпақшы, Tiji және Nickelodeon қазақ тілінде жақында шығады, тұсаукесері өтеді», – деді ведомство басшысы.

Министрдің мәліметі бойынша, бұл бағытта басты басымдық «Ұлттық рухани жаңғыру» және Жол картасы жобаларын сапалы іске асыруға беріледі.

«Бұл стратегиялық құжаттар қазақстандық бірегейлік пен зияткерлік әлеуетті, мемлекеттік тілді дамытуға, ұлттың мәдени кодын сақтауға және ілгерілетуге, жастардың жан-жақты дамуы мен өзін-өзі танытуына бағытталған», – деді Асқар Умаров.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here