Алматы облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы жалғасуда

0
1011

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Алматы облысының тұрғындары туған өлкені абаттандыруға белсенді қатысуда. Бүгінгі экологиялық іс-шараларға Алматы облысың жүздеген тұрғындары жиналды, олардың арасында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар, белсенділер және волонтерлер бар. Акцияның басты мақсаты – ортақ үйімізді таза және көрікті мекен ету, экологиялық мәселелерді басты назарға алып, қоршаған ортаны қорғау болып табылады.

Жамбыл ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жастар, кәсіпорын қызметкерлері мен аудан тұрғындарының қатысуымен Қарғалы өзенінің жағалауында тазалық жұмыстары жүргізіліп, айналасы қоқыстан тазартылды. Аталған іс-шараға жүздеген тұрғындар қатысып, өзен жағалауының тазаруына өз үлестерін қосты.

2024 жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында 7 мыңнан астам адамның, 369 кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің қатысуымен 100 аула, 65 көп қабатты тұрғын үйлер, 44 жеке тұрғын үй, 14 саябақ пен алаң, 7 тарихи мәдени ескерткіштер, 211 әлеуметтік нысандар, 8 өнеркәсіп және бизнес объектілерлері, 155 шаршы метр өзен жағалауы және 121 метр арық бойы тазаланып, 9 жүк көлігінің тасымалдауымен 15 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Жоғарыда аталған ауданда 29 маусым күні 1569 адамның, 64 кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің қатысуымен 11 аула, 9 көп қабатты тұрғын үйлер, 3 саябақ пен алаң, 4 тарихи мәдени ескерткіштер, 65 әлеуметтік нысандар, 5 өнеркәсіп және бизнес объектілерлері, 35 шаршы метр өзен жағалауы және 27 метр арық бойы тазаланып, 9 жүк көлігінің тасымалдауымен 3 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Райымбек ауданы Нарынқол ауылдық округінің тұрғындары Байынқол өзенінің арнасын тазарту бойынша сенбілікке шықты. Экологиялық іс-шараға 50-ден астам адам қатысты, тазарту жұмыстарына 1 самосвал, 1 трактор жұмылдырылды. Өзен арнасын тазарту су ресурстары учаскесіне күтім жасау және оған ұқыпты қарау бойынша маңызды іс-шара болып табылады.

Райымбек ауданында жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында 24000 адам, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің қатысуымен 467 аула, 1000 жеке тұрғын үй, 11 саябақ пен алаң, 42 тарихи мәдениет ескерткіші, бизнес нысандары, өзен жағалауы мен арықтың 28700 шаршы метрі тазаланып, 185 жүк көлігінің тасымалдауымен 310 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Акция соңында қатысушыларға ашық ауада флэшмоб ұйымдастырылды, оған әр түрлі тақырыптағы үш команданың жарыстары кірді. Бұл іс-шараларға 150-ден астам адам қатысты. Қорытындысы бойынша қатысушыларға сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, бұл өңірлерде экологиялық сауатты арттыру және қоғамдық орындарда тазалықты сақтау мақсатында «Тазалық сақтайық» атты челлендж ұйымдастырылды.

Айта кететін болсақ, «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қазіргі таңда мемлекеттік мекемелер мен жеке ұйымдар, шаруа қожалықтары, жастар, волонтерлік және үкіметтік емес ұйымдар, мәслихат депутаттары тартылды. Облыс бойынша барлығы 450 мың адам қатысты, 850-ден астам ескерткіштер мен мұражайлар тазартылды, 19 506 тонна қоқыс шығарылды, 45 мыңнан астам ағаштар мен бұталар отырғызылды, 2304 бірлік мамандандырылған техника тартылды. Облыстың 340 мың оқушысының қатысуымен «Өз ағашыңды отырғыз» акциясы ұйымдастырылды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here