Былтыр 31 мыңнан астам адам қаржы пирамидасының құрбаны болды

0
400

ІІМ тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстандағы қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл бойынша ішкі істер органдарының жүргізіп жатқан жұмыстары туралы баяндады.

«Былтыр ел бойынша 31 мыңнан астам азамат қаржы пирамидаларының құрбаны болды. Оларға 54 млрд теңгеден астам сомаға залал келтірілді. Бүгінгі таңда ішкі істер органдарының өндірісінде осы санаттағы 65 қылмыстық іс 3 мыңнан астам жәбірленушіні қамтиды. Соңғы жылдары қылмыскерлердің көбеюі экономикалық белсенділіктің жоғарылауымен, сондай-ақ халықтың инвестицияларға қызығушылық таныта бастауымен байланысты. Сұраныс ұсынысты тудырады», – деді ведомство өкілі.

Қаржы пирамидалары өздерінің жарнамалық кампанияларында «инновациялық жоба», «тиімділігі жоғары бизнес», «бірегей», «аса тиімді», «табыстылыққа кепілдік береміз» және т.б. сөздерді қолданады.

«Алаяқтар заңды микроқаржылық ұйымдары, букмекерлік кеңселер, тұтыну кооперативтері және жабық инвестициялық пай қорлары ретінде жасырына алады. Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар әлеуметтік желілерде онлайн-табыс немесе жоғары табысты онлайн-жобаны ұсына отырып, белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Олар танымал мессенджерлерде чаттар құрып, қатысушыларды түрлі ұтыс ойындарымен, сауалнамалармен және басқа да маркетингтік амалдармен тартады», – деді Санжар Әділов.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here