Бала туу құжаттарын рәсімдеу бұрынғыдан да ыңғайлы болды

0
696

Азаматтар eGov.kz порталына кірмей-ақ, баланың тууын тіркеу қызметін неғұрлым ыңғайлы проактивті форматта ала алады. Баланың тууы бойынша проактивті қызметінде SMS хабарламалар мен хабарландырулар қолайлы процесске  оңтайландырылды.

Қызметтерді алудың проактивті форматы ыңғайлы, себебі мемлекеттің өзі азаматқа белгілі бір өмірлік жағдайда қажетті қызметті алуды ұсынады. Бұл жағдайда ешқайда барудың қажеті жоқ, тек SMS-ке жауап ретінде қажетті ақпаратты жіберу жеткілікті болып табылады.

Бала туғаннан кейін бір тәулік ішінде ақпараттық жүйе медициналық мекемеден хабарлама алып, баланың ата-анасына қызмет көрсету үшін қажетті ақпаратты алу мақсатында кезең-кезеңмен сұрату арқылы 1414 нөмірінен құттықтау SMS-ін жібереді.

Бұрын азаматтар SMS хабарламаларды басқа форматта алатын: R X X форматында, мұнда Х – хабарламада көрсетілген сандар. Енді процесс әлдеқайда жеңілдетілді, аталған әріптерді көрсету талап етілмейді, тек қойылған сұрақтарға жауап беру қажет.

Қызметті пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркеуде болу қажет, тіркеусіз SMS хабарлама келмейді. Қызмет тегін көрсетіледі, тек телефон нөмірінде теңгерім болу керек.

Қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтер әртүрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады, ал жетіспейтін ақпарат баланың ата-анасынан қысқаша мысалдарын қамтитын SMS-арқылы сұралады.

Қызмет көрсету нәтижесінде азаматтар баланың туу туралы куәлігінің (қағаз түрінде) дайын екендігі туралы SMS хабарлама немесе бас тарту себебі көрсетілген дәлелді жауап алады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here