Ұлы Отан соғысының батыр қыздарына арналған көрме ашылды

0
670

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейі Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлесіп «Есімі аңызға айналған қазақтың батыр қызы» атты көшпелі көрмені өткізуде. Көрме Халық Қаһарманы, ұшқыш Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына арналып отыр.

Іс-шараға Ұлы Отан соғысының ардагері Нұрқасым Әжітайұлы, Қарулы күштердің ардагері авиация генерал-майоры Алсай Жұманов, Қазақстандағы жалғыз жойғыш-ұшқыш аға лейтенант Ардана Ботай, елорда мектептеріндегі әскери-патриоттық сыныптардың оқушылары, Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімдерінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері қатысты.

– Хиуаз Доспанова – Отанын шексіз сүйген аяулы жан. Мен батыр қыздың қаһармандығы мен ерлігінен рух алып, әскери ұшқыш мамандығын таңдадым, – деді аға лейтенант Ардана Ботай.

Одан бөлек, жәдігерлердің ішінде Хиуаз Доспанованың ғана емес, Кеңес Одағының Батырлары Әлия Молдағұлованың, Мәншүк Мәметованың және Ұлы Отан соғысына қатысқандардың жеке заттары, мұрағаттық фотосуреттері, құжаттары да бар.

Қазақ қыздарының Ұлы Отан соғысы жылдары майдан даласында жаумен шайқасып, тылда ер-азаматтарды алмастырып жеңісті жақындауға қосқан үлесі зор.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here