Қытай заң аясында ит пен мысықты жеуге тыйым салды

0
914

Қытайдың оңтүстік-шығысында орналасқан Шэньчжэнь қаласының билігі тұрғындардың ит пен мысықты жеулеріне заң аясында тыйым салды. 12,5 млн халқы бар мегаполистегі бұл шектеу құрлықтық Қытайда алғаш рет енгізіліп отыр.

Өздеріңіз білетіндей, 1,4 млрд халқы бар Қытайдың жері де үлкен. Үш жарым Қазақстан еркін сыйып кетеді. Тынық мұхитында аралдары тағы бар. «Құрлықтық Қытай» деп отырғанымыз сондықтан. Себебі, алып елдің құрлықтық бөлігінде орналаспаған Тайваньда бұрыннан мысық, ит етін сатуға, асқа қолдануға рұқсат берілмейді. Ал, Гонконгта тамаққа қолдану үшін ит пен мысықты өлтіру заңмен қудаланады. Заңды бұзғандар алты айға дейін түрмеге тоғытылып, 650 доллар айыппұл төлейді. Бұған дейін мұндай шектеулер құрлықтық Қытайда болмай келді.

Айта кетейік, 2020 жылы Бейжің елдің барлық аумағында жабайы аңдарды сатуға, тамаққа қолдануға рұқсат бермейтін  заңды  қабылдады.  Бірақ,  мысық  пен  ит жабайы аңдардың қатарына жатпайды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here