18 мамырда «Алматы жастарына» өтінім қабылдау басталады

0
867

Көптен күткен «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау 18 мамырда басталып, 1 маусымға дейін жалғасады. Тұрғын үй бағдарламасының әлеуетті қатысушылары almaty-zhastary.kz сайтында онлайн өтініш бере алады. Ол үшін оларға ЭЦҚ қажет.

Алматы әкімдігі мен «Отбасы банк» АҚ-ның бірлескен жобасына 35 жасқа дейінгі алматылықтар қатыса алады. Өтініштер Алматы қаласындағы мемлекеттік республикалық және қалалық ұйымдарда жұмыс істейтін азаматтардың келесі санаттарынан қабылданады:

• дәрігерлер мен медбикелер;
• мұғалімдер мен тәрбиешілер;
• суретшілер, жазушылар, мәдениет қызметкерлері;
• университеттер және ғылыми-зерттеу институттарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері;
• әлеуметтік қызметкерлер;
• өндірістік қызметпен айналысатын журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарының (мемлекеттік және коммер-циялық) қызметкерлері;
• құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Үміткерлердің ресми жұмыс өтілі Алматы қаласында соңғы жарты жылдан кем болмауы тиіс. Мәдениет саласының өзін-өзі жұмыспен қамтыған өкілдері үшін кемінде бір жылдық Алматы қаласында тіркелген, жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлігі болуы қажет. Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушы және оның отбасы мүшелері соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлікке ие болмауы тиіс.

Айта кетейік, «Алматы жастары» бағдарламасы туралы толығырақ Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының (www.uzh-almaty.kz), «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның (www.hcsbk.kz) сайттарынан және 300 немесе 8 8000 801 880 (қоңырау шалу тегін), +7 (727) 380-05-23, +7 (727) 380-05-02 телефондары арқылы білуге болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here