Сенатор конституциялық реформаның маңызды басымдығын атады

0
168

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Рысқали Әбдікеров Қарағанды қаласының студенттерімен кездесіп, ағымдағы жылдың 5 маусымында өтетін референдум мәселелерін талқылады.

Сенатор Қарағандыдағы Букетов атындағы университеттің және жоғары медициналық интер колледж студенттерімен кездесу барысында елімізді одан әрі дамыту үшін конституциялық реформалардың маңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ Мемлекет басшысы ұсынған түзетулер туралы айтып, олардың барлық қазақстандықтар үшін ерекше маңызына тоқталды.

«Конституцияның 33 бабына 56 түзету енгізілетін болады. Бұл Негізгі Заңның үштен бірі. Өзгерістер бірінші кезекте еліміздің азаматтарының құқықтарын қамтамасыз етуге және қорғауға бағытталған. Бұл түзетулер қазақстандықтардың құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, азаматтардың құқықтарын қорғау – бұл конституциялық реформаның маңызды басымдығы және міндеті», – деді сенатор Рысқали Әбдікеров.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here