Халық саны бойынша Үндістан Қытайдың алдына шықты

0
4923

Әлем халқы 8 млрд адамға жақындады. Бар болғаны 11 жылда жер-жаһандағы халық саны 1 млрд адамға артты. Халық санының жылдам артуына Үндістан да зор үлес қосты. Мысалы, соңғы 10 жылда Үндістан халқы 172 млн адамға көбейді. Қазір Махатма Ганди елінде 1,43 млрд адам тұрады. Өткен айда бұл көрсеткіш бойынша Үндістан Қытайдың алдына шықты. Аспан асты елін бүгінде 1,42 млрд адам мекендейді. Ұзақ жылдар бойы халық саны бойынша бірінші орынды иеленіп келген Қытайдың енді Үндістанның алдын орауға мүмкіндігі болмайды. Себебі, болжамға сенсек, 2030 жылдан бастап Қытайдағы халық саны кеми  түседі. Тіпті, 2060 жылы аспан асты елінде 1,28 млрд адам тұрса, бұл көрсеткіш Үндістанда 1,67 млрд адамға жетеді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here