Қасіретті қаңтар: Азаптау бойынша 360 қылмыстық іс қаралды

0
285

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қаңтар оқиғасы бойынша азаптауға қатысты 360 қылмыстық істі қарады. Бұл туралы ведомство басшысы Олжас Бектенов хабарлады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің биылғы алты айдағы жұмысына елімізде болып жатқан оқиғалар әсер еткені бәрімізге мәлім. Тек қаңтар оқиғасы бойынша құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тарапынан азаптау мен өкілетін асыра пайдалану фактілері бойынша агенттік тергеушілерінің өндірісінде 360 қылмыстық іс болды», – деп нақтылады Олжас Бектенов.

Олжас Абайұлының сөзінше, қазір құқық қорғау органдары тарапынан азаптау фактілері бойынша 170 іс тергеуде жатыр. Соның 167-сі аяқталды, 23 қылмыстық іс әрі қарай тергеу үшін прокуратураға жолданды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here