Қазақстанда жасы жүзден асқан қария бар?

0
954

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жасы жүзде және жүзден асқан 487 қария бар. Олардың басым бөлігі оңтүстік өңірлерде тұрады. Мысалы, Түркістан облысында жүз жылдық белеске шыққан 75 ақария бар. Алматы қаласында 62 қария болса, Алматы облысындағы бұл санаттағы қарттар саны – 55.

Қазақстандағы ең қарт адам Түркістан облысында тұрады. Қария – 121 жаста. Шымкент қаласында 120 жастағы, ал Жамбыл облысында 119 жастағы қария бар.

«Қазақстанда барлығы 100 жастан асқан 31 адам тұрады» делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here