Қайраткерлердің құрметіне арналған белгі тақта ашылды

0
517

Кеше, 5 қазанда Абай атындағы ҚазҰПУ-да Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын мерекелеу аясында университеттің құрылуына үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткерлерінің құрметіне арналған белгі тақтаның салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өтті.

Белгі тақтаны орнатудың басты мақсаты – Қазақстан тарихындағы тұңғыш жоғары оқу орнының алғашқы оқытушылар құрамын еске алып, құрмет көрсету және жастардың бойында ұлттық рух пен патриоттық сана-сезімді қалыптастыру.

Іс-шара Ахмет Байтұрсынұлының жиен немересі Айман Байсалова мен Абай университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Мақтағали Бектемесовтың ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Мақтағали Бектемесов Ұлт ұстазының университет тарихындағы орны мен педагогика саласына сіңірген еңбегін атап өтсе, Айман Қабиденқызы жастарға ізгі тілегін білдірді.

Қонақтар мен қатысушыларға университеттің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Берікжан Әлмұхамбетов құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздарға арнаған өлеңдерін оқыды. Жастарға тәрбие мен білім беру бағытында нұсқауларын берді. Университет педагогикалық кадрларды дайындап қана қоймай, білім алушылардың талантын жетілдіріп, шығармашылық қабілеттерін шыңдайды. Айталық, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенті Серік Елдос мерекеге қатысушыларға арналған өлеңін оқыды.

Салтанатты іс-шара құрметті қонақтарға университет атынан естелік сыйлықтар табыс етумен аяқталды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here