Мәдениет пен өнердегі бәсекелестік

0
629

Бүгінде елімізде кез келген саланы дамыту мақсатында мемлекеттік тендер жүйесі іске қосылған. Яғни, мемлекеттік бюджеттің есебінен әр салаға қаржылай зор көмек ұсынылады.  Соның бірі – «Қоғамдық маңызы бар кітаптарды сатып алу, басып шығару және кейіннен тарату «мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу және дәріптеу және мұрағат ісін іске асырудың тиімділігін арттыру» бағдарламасы. Қазіргі нарықта кітап басып шығарудың шаруасы шаш-етектен жетіп артылады деуге болады.

Аталмыш бағдарламада: «Қазақ жазушыларының әдеби шығармаларын, әдеби аудармаларды, ғылыми, танымдық, тарихи-мәдени және ойын-сауық өнертабыстарын ақпараттық қамтамасыз ету және түсіндіру» жобасы да қарастырылған.

Рас, айтты-айтпады, кітап қоғамда зор қозғаушы күшке ие. Кітаптың арқасында бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникация, ғылым, білім қарыштап жатқаны да жасырын емес. Ал, ғылым мәдениет бастауының көзі болса, кітап мәдени өзгерістердің жемісі. Қалай деген күннің өзінде мәдениет те, кітап та бөліп-жарылмайтын тығыз байланыстағы дүние.

Ашық дереккөздерде өткен жылы жоғарыда атап өтілген бағдарламаны жүзеге асыруға бюджеттен 56 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінгендігі айтылады.

Сонымен, бағдарлама реттілігі бойынша: алдымен, авторлардан немесе олардың өкілдерінен өтінім келіп түседі. Өтінім иесінің шығармасының көркемдік құндылығын және оның өзектілігі мен жарияланымның орындылығын нақтылау үшін құрылған комиссия мүшелерінің мақұлдауына жіберіледі. Комиссия құрамына көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, белгілі жазушылар мен ақындар кіреді. Олардың талдау-сараптауынан өткен шығармалар бұдан әрі өтінімді ведомствоаралық комиссия қарайды. Яғни, Мәдениет және ақпарат министрлігі мақұлданған авторларға өз бұйрығына сәйкес бір авторлық парақ үшін 6 ең төменгі жалақы (немесе ағымдағы жылы 420 мың теңге) мөлшерінде алым төлейді – бұл әдеби шығарма көлемінің бірлігі деп аталады. Министрліктің бұйрығына қосымшаға сәйкес прозалық шығармалар үшін бір авторлық парақ 40 мың белгіні құрайды, ал поэзия үшін 700 өлең жолы деп бекітілген.

Бағдарламаның осы реттілігі бойынша жүйеленген қоғамдық маңызы бар әдебиеттің түрлері Қазақстанның мемлекеттік кітапханаларына белгіленген таралым бойынша таратылады. Мәдениет министрлігі атап өткендей, «кітапханаларға бару саны және олардың соңғы жылдардағы пайдаланушыларының саны өсуді» көрсетеді. Сонымен қатар, жарияланған кітаптардың электронды нұсқалары Ұлттық академиялық кітапхана порталында орналастырылып, жұмыс нәтижесі министрлік сайтында жүйелі түрде жарияланып келеді. Жалпы министрлік тарапынан бұл бағытта көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, отандық авторлардың мәдениет және өнер туралы:  тарихи әдебиеттер, ғылыми-танымал әдебиеттер бөлімінде жаппай ашаршылыққа арналған құжаттар жинақтары, сондай-ақ аудармалар, т.б.

Жалпы биыл Мәдениет және ақпарат министрлігі отандық жазушылардың жүзге жуық әдеби шығармасын шығармақшы.

«Кітап шығаруды қаржыландыру қазақстандықтардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға, жас және жаңа авторларды қолдауға, оқырман аудиториясын кеңейтуге, отандық әдебиетті дамытуға бағытталған. Осыған байланысты осы бағдарламаға жұмсалатын шығындарды негізді және қажетті деп санаймыз», – дейді министрліктің бір жауабында. Және де Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елімізде кітап шығару жұмысын күшейтуді қолға алып отыр. Бұл саланы дамыту үшін оқырмандардың пікірінен бөлек, отандық ғылыми-зерттеу орталықтарының әлеуметтік зерттеулері, кітап дүкендерінің сатылымға қатысты статистикалық мәліметтері, баспалардың басылым рейтинг-тізбесі назарға алынатынын да атап өтті.

Жансая ШЫҢҒЫСХАН

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here