Алматыда 10-шы мерейтойлық «Бастау» кинофестивалі өтеді

0
621

2022 жылдың 29 қарашасы мен 3 желтоқсаны аралығында Алматыда «Бастау» X Халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалі өтеді. Фестивальді Tanaris Production кинокомпаниясы Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырады. Фестивальдің серіктестері – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Тұран» университетінің Turan Film Academy жоғары мектебі және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.

Фестивальдің мақсаты – әлем елдерінің жас кинематографистері арасындағы ынтымақтастықты нығайту, олардың жұмысын қолдау және ілгерілету. Фестиваль президенті Сергей Әзімов атап өткендей – «Бастау» жас режиссерлер мен сценаристерге өз жобаларын жүзеге асыру үшін бірегей алаң ұсынады. «Бастау» он жыл бойы үзіліссіз жұмыс істеп келеді және фестивальдің кәсіби және тату командасының арқасында барлық қиындықтардан сәтті өтуде.

«Сондықтан біз үшін басты идея, негізгі тұжырымдама мынандай болды: біз бәріміз – ұйымдастырушылар, басшылар –  ең жоғары кәсіби мағынадағы қызмет көрсетуші персонал болуымыз керек. Біз осы оқиғаның басты кейіпкерлері – авторлар, режиссерлер, операторлар, драматургтер, жас актерлер айналасында құрылған инфрақұрылымды жасаймыз. Мұның бәрі олар үшін. Біз оларға осыны сезіндіруіміз керек», – дейді ол.

Биылғы жылы фестиваль режиссер Яна Скопинаның «Скоро кончится лето» атты фильмінің қазақстандық премьерасымен ашылады. Бұл оның толықметражды дебюті. Яна – «Бастау» түлегі – оның алғашқы жұмысы – «Ты что-то прячешь в кулаке» атты қысқаметражды фильмі V «Бастау» ХКФ-да үздік деп танылған. 2015 жылы жүлдені жеңіп алғанда, ол сахнада үлкен картинамен осында оралуға уәде берген еді. Оның жаңа киносының сюжеті 1990 жылы көпұлтты аулада бір жаздың оқиғасына негізделген. Ол «Кино» тобының музыкасына және өзгеріс сезіміне толы. Басты кейіпкер – Баха есімді жас жігіт, өзін табуға тырысады және поляк қызына ғашық болады…

Фестивальдің ашылуы 29 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында, жабылуы Chaplin Cinemas кинотеатрында өтеді.

Фестиваль жаңалықтарын bastauiff.com сайтынан және біздің bastauiff – Instagram және Facebook парақшаларымыздан қараңыз.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here