Алдағы жылы «Күміс жас» жобасына қатысушыларға қанша субсидия бөлінеді?

0
268

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап «Күміс жас» жобасына қатысушылардың контингенті мен қатысу кезеңі артады. Оған 50 жасқа толған қазақстандықтар 36 айға дейін қатыса алады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

«Қолданыстағы қағидалар бойынша жоғарыда көрсетілген жобаны іске асыру шеңберінде жұмыс берушілер мемлекеттен белгіленген жалақы мөлшерінің 50%-ына субсидия (бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен көп емес) ала отырып, зейнеткерлік жасқа дейінгі (58 жастан бастап) адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын құрады. Бұл ретте жұмыстың ұзақтығы 12 айдан аспайды» делінген ресми хабарламада.

Субсидиялар мөлшері:

  • жұмыстың бірінші жылында жалақының 70%-ы (бірақ 30 АЕК-тен аспайды);
  • жұмыстың екінші жылында жалақының 65%-ы (бірақ 30 АЕК-тен аспайды);
  • жұмыстың үшінші жылында жалақының 60%-ы (бірақ 30 АЕК-тен аспайды).

Сонымен қатар, жоба аясында «жеке көмекші» және «әлеуметтік қызметкер» кәсіптері бойынша жұмыс орнын алу мүм-кіндігі беріледі.

Айта кетейік, «Күміс жас» жобасына қатысушылар – зейнеталды жастағы жұмыссыз адамдар. Бағдарлама аясында зейнеткерлікке шығуға 2 жыл қалған азаматтар уақытша жұмыспен қамтылады.

«Күміс жас» жобасына қатысушылар-дың жалақысының жартысын мемлекет, жартысын жұмыс беруші төлейді. Салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақы мен банк қызметтерін ескере отырып субсидияның ең жоғары шегі – 30 АЕК (91 890 теңге). Экологиялық үстемеақы бойынша төлемдер есепке алынбайды. Мысалы, жұмыс беруші 180 мың теңге жалақы белгілесе, онда оның 90 мыңын мемлекет төлейді. Егер де айлығы 200 мың болған жағдайда 30 АЕК мөлшерінен артық төленбейді.

«Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі 12 айдан аспайды. Жобаға қатысу мерзімі аяқталған соң, жұмыс беруші зейнет жасына жақындаған адамды зейнетке шыққанға дейін тұрақты жұмысқа алуға міндетті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here