Қоғамдық орындарда былапыт сөйлегендерге жаза қатаңдайды

0
160

Қазақстанда вандализм, қоғамдық және жеке мүлікті бүлдіргендерге жаза қатаңдайды. Бұл туралы ІІМ әкімшілік полиция комитетінде басқарма бастығының орынбасары Азамат Құрымбаев ведомство брифингінде айтты.

«Жаңа редакцияда қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, ғимараттарды, тұрғын үй-жайларды, көпшілік пайдаланатын орындарды, көліктегі және қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер ұсақ бұзақылық саналады», – деді Азамат Құрымбаев.

Қазіргі таңда ұсақ бұзақылық үшін сот 5 АЕК (17 250 теңге) көлемінде айыппұл салады немесе 15 тәулікке дейін қамауға алады. Жаңа редакцияда айыппұл 20 АЕК (69 000 теңге) құрайды. Ал, қамауға алу 5 күннен 30 тәулікке дейін белгіленеді. Түзетулер алғаш ресми жарияланғаннан кейін 60 күннен кейін күшіне енеді. 

Биыл 3 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне экологиялық құқықбұзушылықтар мен вандализм көріністері үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» және «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне экологиялық құқықбұзушылықтар мен вандализм көріністері үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here