Сарбаздар жоғары оқу орындарына түсуге дайындалуда

0
130

Алматы облысындағы байланыс әскерлерінің оқу орталығында Қазақ қатынас жолдары университетінің, Narxoz университетінің, Құрлық әскерлерінің әскери институтының, сондай-ақ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының өкілдері болды.

Мерзімді қызметтегі сарбаздарға оқу орындарына түсу шарттары, мамандықтары, әскер мектебінен өткендердің мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы айтылды.

– Әскерге дейін теміржолда жұмыс істедім. Қызметтен кейін Қазақ қатынас жолдары университетіне түсуді жоспарлап отырмын. Осы университет өкілдерімен кездесудің арқасында көптеген мәселелерді түсіндім. Енді оқуға грант алу үшін өзімді көрсетуге тырысамын, – деді қатардағы жауынгер Бектұр Орынбеков.

Жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлықтан үздік нәтиже көрсетіп жүрген, бөлімшенің қоғамдық өмірінде белсенді және тәртіпті мерзімді қызметтегі сарбаздары еліміздің оқу орындарында тегін жоғары білім алатынын айта кетейік.

Биыл еліміздің Қорғаныс министрлігі мен жоғары оқу орындарының белгіленген мерзімде қызмет еткен әскери қызметшілерге тегін жоғары білім алу мүмкіндігін беру жөніндегі келісімдері күшіне енді. Онда ынтымақтастық бағыттарымен қоса, жоғары оқу орындарына конкурссыз түсу үшін жыл сайын бөлінетін орындар саны да белгіленген.

Жуырда оқу орталығында Қазақ ұлттық техникалық университеті мен Алматы энергетика және байланыс институтының өкілдерімен кездесулер өтпек.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here