Әскерилердің зейнетақы төлемдері қайта қаралады – Марал Басыбекова

0
1992

Қорғаныс министрлігінің кезекті онлайн-брифинг шығарылымында әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандыру туралы Зейнетақымен қамтамасыз ету орталығы қызметінің бастығы Басыбекова Марал Жақсыбайқызы әңгімелеп берді.

– Әскери қызметшілер мен күш құрылымдарының қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыруды дамытудың негізгі кезеңдеріне тоқталып өтсеңіз.

– Тарихи тұрғыда әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздарндыру реформасы 1998 жылы басталған болатын. Осы ретте әскери қызметшілерді үш санатқа бөлуге болады. Бірінші санаттағы әскери қызметшлердің 1998 жығы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек сіңірген жылдары 10 жылдан астам болған. Екінші санаттағы әскери қызметшілердің еңбек сіңірген жылдары 1998 жылғы 1 қаңтар бойынша 10 жылдан кем болған және үшінші санаттағы әскери қызметшілер 1998 жылдан бастап алғаш рет әскери қызметке шақырылған болатын. Ал, үшінші санаттағы әскери қызметшілер тек өздерінің біріңғай жинақтаушы зейнетақы шоттарындағы жинақтарын ала алды. 2015 жылы әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін жақсарту, яғни реформа жүргізу туралы шешім қабылданды. Осылайша 2030 жылға дейін Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі жетілдіру тұжырымдамасына сәйкес, әскери қызметшілер толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға көшірілді.

– Қазір БАҚ-та әскери зейнеткерлер шу шығарып жүр. Неліктен, олардың талаптары қандай?

– Біріншіден бұл 2016 жылдан кейін әскери қызметтен босатылып зейнеткерлікке шыққан әскери қызметшілер. Олардың басты талабының бірі, ол базалық зейнетақы төлемдерін қайтару. Екіншіден бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында қалған жарты жарналарын, яғни мемлекет тарапынан 2016 жылға дейін аударылған ақшаның жартысын біржолғы ешқандай шектеусіз қолдану. Үшінші, 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін алғаш рет әскери қызметке кірген және 2016 жыға дейін қызметтен босатылып зейнеткерлікке шыққан әскери қызметшілердің зейнетақысын жыл сайынғы арттыруды ескере отырып, қызметтен босатылу күнінен бастап қайта есептеу болып табылады.

– Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандыруды жақсарту бойынша қандай жағдайлар жасауда?

– Қорғаныс министрлгі Қазақстан Республикасы Премьер-министрдің орынбасарының тапсырмасына сәйкес қазіргі таңда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен қатар мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жұмыстар жүргізуде. Біріншісі, еңбек өтілі және жалпы еңбек сіңірген жылдары 25 жылы бар әсери қызметшілерді келісім шарттың аяқталуы бойынша зейнеткерлікке шығару. Яғни, зейнетақы құқығын беру болып табылады. Екінші мәселе ол базалық зейнетақы төлемдерін 2016 жылдан бастап зейнетке шыққан зейнеткерлерге базалық зейнетақы төлемдерін қайтару. Үшінші мәселе, біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке жинақтаушы шоттарындағы зенйнеткерлердің қаржыларын біржолғы қолдану болып табылады. Және соңғы мәселе, ол 1998 жылдан кейін алғаш рет қызметке кірген 2016 жылға дейін зейнетке шыққан әскери қызметшілердің зейнетақы төлемдерін қайта қарау. Яғни, қызметтен босатылу күнінен бастап жыл сайынғы арттыруды ескере отырып, зейнетақы мөлшерлерін қайта есептеу болып табылады.

– Марал Жақсыбаевна, күтілетін нәтиже қандай сіздің пікіріңізше?

– Қазіргі таңда Қорғаныс министрлігі бұл тарапта жұмыстар жүргізуде. Қажетті қаражат есептерін жасап жатыр. Бұл мәселе оң шешімін табады деп үміттенеміз, сенеміз.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here