Бүгін партиялар арасындағы пікірсайыс өтеді

0
222

Бүгін, 1 наурыз күні сағат 20.30-да Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауы аясында «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының тікелей эфирінде саяси партиялар арасындағы пікірсайыс өтеді.

Пікірсайысқа сайлауға түсетін 7 партия өкілі қатысады. Олар: «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев, «Respublica» партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау, Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары Асхат Асылбеков, «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Берік Дүйсенбинов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы Нурлан Ауесбаев 4 кезең бойынша өзара пікірсайысқа түседі.

Пікірсайыс «Qazaqstan» телеарнасының You Tube, Facebook және Telrgram-арналары арқылы да тікелей трансляцияланады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here