Ақтөбеде Орталық музейдің көрмесі өтуде

0
1193

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі қорындағы этнографиялық коллекциялардан жасақталған «Бабадан қалған аманат» атты жылжымалы көрме өтуде. 

Көрме экспозициясына киім-кешек, ыдыс-аяқ, тоқыма бұйымдары, үй жиһаздары, музыкалық аспаптар, ат әбзелдері мен зергерлік бұйымдардың үздік үлгілері және белгілі тарихи тұлғалардың қолданған құнды бұйымдары да қойылды.

Экспонаттар қатарында Баймұхамед Айшуақов сұлтанның мұрағы, Жаяу Мұсаның қобызы, домбырасы мен скрипкасы, Шоқан Уәлихановтың бөркі, қазақтың дүлдүл әншісі Әміре Қашаубайұлының, ақын Манарбек Ержановтың, ғалым, қазақтың тұңғыш академигі Қаныш Сәтбаевтың домбыралары бар. Көрмеге 150-ге жуық экспонат қойылды.

Көрме сәуір айының 15-іне дейін жалғасады.

Сағымбек ҰЛЫҚПАНОВ,
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің менеджері

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here