Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі

0
695

1 наурызда мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі пилоттық жоба ретінде іске қосылады. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау рәсімін жеңілдету мақсатында іріктеудің автоматтандырылған алгоритмін әзірлеген болатын.

Мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау процесін толық цифрландыру мақсатында «Е-қызмет» жүйесі жаңғыртылды. Конкурстық рәсімнің барлық кезеңі (әңгімелесуден басқа) қашықтан онлайн өткізіледі. Енді қазақстандықтар әлемнің кез келген жерінен және қалаған уақытында конкурсқа қатыса алады.

Іріктеу кезеңдерінен өту кезінде анонимділікті қамтамасыз ету үшін ID-нөмір беріледі. «Адами фактордың» ықпалын болдырмау үшін конкурстың ашықтығын тәуелсіз прокторинг жүйесі қамтамасыз етеді. Осылайша, жаңа іріктеу форматына сәйкес конкурстың қорытындыларын ақпараттық жүйе дербес шығарады.

Тестілеу жүргізілетін нормативтік-құқықтық актілердің саны 9-дан 4-ке дейін қысқартылды. Іріктеу жеке қасиеттерді бағалау, мәтіндік және сандық ақпаратпен (SHL) жұмыс істеу қабілетін бағалау, эссе жазу, мемлекеттік органның конкурстық комиссиясында әңгімелесу кезеңдерін қамтиды.

Ақпараттық жүйе арқылы жаңа іріктеу 1 наурызда екі әкімдік пен үш орталық мемлекеттік органда басталады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here