ҚазҰУ студенттері сайлауда белсенділік танытты 

0
829

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағындағы сайлау учаскелері ашылысымен, студенттер белсенді дауыс беруге өз еркімен келе бастады. Декандар, кураторлар мен оқытушылар тарапынан студенттерге ешқандай қысым болған жоқ. Университет студенттері өзіндік азаматтық ұстанымымен, қоғамдағы саяси процестерге белсенді қатысуымен ерекшеленеді. Сондықтан студенттер арасында еріктілік, өз ойларын ашық түрде білдіру еркіндігі, қағидаты үнемі сақталады.

Учаскелердегі кезектер сайлаушылар санының біршама біркелкі болмауына байланысты болды. Атап айтқанда, № 568, 258 және 259 үш сайлау учаскесінде дауыс беретін сайлаушылардың жалпы саны 4 093 құрайды, оның ішінде 841-і – жақын орналасқан үйлердің тұрғындары және 3 252-сі – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері. Оның ішінде: № 568 учаске – барлығы 810, № 258 – 1 010 және № 259 учаскеде – 2 272 сайлаушы тіркелген. Сонымен қатар, 4 (төрт) бюллетеньді толтыру уақыт алатынын және кезектің пайда болуына ықпал ететінін ескеру қажет. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here