Алматы Баку арасы жақындай түсті

0
490

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Алматы мен Әзербайжан астанасы Баку арасында тікелей әуе рейсі ашылды.

«Әзербайжан әуежолдары» авиакомпаниясының ұшақтары Бакуден Алматыға аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері ұйымдастырылады.  Сондай-ақ, 16 наурыздан «Әзербайжан әуежолдары» авиакомпаниясы дүйсенбі және бейсенбі күндері Бакуден Астанаға, ал сейсенбі және жұма күндері Астанадан Бакуге сапарын бастап кеткен болатын. 

«Алматы – Орталық Азияның ең ірі, ең дамыған және тартымды туристік бағыттарының бірі және Әзербайжан авиакомпаниясының өкілдері бұл пікірді қолдайды. Біздің министрлік басқа елдермен тікелей әуе рейстерінің санын арттыру бойынша жұмысты жалғастырады», – деп атап өтті Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here