Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы бұйрығының жобасы жарияланды.
Қандастарды қабылдайтын өңірлер:
- Ақмола облысы;
- Атырау облысы;
- Шығыс Қазақстан облысы;
- Батыс Қазақстан облысы;
- Қостанай облысы;
- Павлодар облысы;
- Солтүстік Қазақстан облысы;
- Абай облысы.
Қоныс аударушыларды қабылдайтын өңірлер:
- Шығыс Қазақстан облысы;
- Қостанай облысы;
- Павлодар облысы;
- Солтүстік Қазақстан облысы;
- Қарағанды облысы;
- Ақмола облысы;
- Абай облысы;
- Ұлытау облысы.
Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді. Бұйрық жобасы 21 сәуірге дейін жария талқыға ұсынылған.