Жұмыссыздарға алты ай бойы берілетін жәрдемақы

2
2433

Қазақстанда жұмысынан айырылып, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алып жатқандардың саны 46,4 мың болды. Биыл 16,5 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігі жазды.

Қолданыстағы заң аясында жұмыссыз қалғандар Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем алады. Жәрдемақы жоғалған кірістің 45 пайызына дейінгі мөлшерде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қаражаты есебінен төленеді.

Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге:

  • eGov.kz порталында авторизациялану;
  • «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;
  • онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет.

Бір күн ішінде тұрғылықты жеріндегі Халықты жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады. Егер жұмыс табылмаса, үш жұмыс күні ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда ХЖҚО қызметкері қосымша ақпа-рат жинау үшін хабарласады). Бұл қызметті онлайн режимде электронды еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады. Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәлімет болған кезде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

2 Пікір

  1. Жұмыссызбын мамандығым ағылшын тілінен мұғалім бірақ еш жерде сағат жоқ жұмысымда жоқ үш балам бар

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here