Шымкенттен Делиге 24 мың теңгеге ұшуға болады

0
532

FlyArystan әуе компаниясы Шымкент қаласынан Үндістан астанасы – Делиге жолаушы тасымалдауды жоспарлап отыр.

«Жолаушыларымызды жаңа бағыттармен қуантуды жалғастырып, Шымкент – Дели – Шымкент жаңа бағыты бойынша сатылымдардың ашылғанын қуана хабарлаймыз», – деп хабарлады әуе компаниясының Баспасөз қызметі.

Рейстер 22 мамырдан бастап орындалады. Ұшу күндері: дүйсенбі және бейсенбі. Билет құны 24 209 теңгеден басталады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here