Елімізде қай санаттағы студенттердің жатақхана ақысы субсидияланады?

0
897

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында белгілі бір санаттағы студенттердің жатақханада тұру шығыстарын өтеу туралы қаулы жобасы жарияланды.

Мемлекет келесі санаттағы азаматтардың колледжде және ЖОО-да оқу кезеңінде жатақханаларда тұрғаны үшін жылына 29 АЕК-тен (2023 жылы – 100 050 теңге) аспайтын шығыстарын өтейді:

  • жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы азаматтар;
  • мүгедектігі бар адамдар мен балалар, бала кезінен мүгедектігі бар аазаматтар.

Қазіргі уақытта қазақстандық жоғары оқу орындарында халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 168 150 студент оқиды:

  • бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан студенттер, мүгедектігі бар адамдар – 1 772;
  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар – 157;
  • 18 жастан асқан І және ІІ топтағы мүгедек адамдар – 891;
  • бала кезінен мүгедектігі бар адамдар және 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 776;
  • жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер – 2 769;
  • ауыл жастары арасынан келген студенттер – 109 204;
  • ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ студенттер – 5 340;
  • төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бала тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққандар – 29 390;
  • толық емес отбасылардан шыққандар (мәртебесі кемінде үш жыл) – 17 851.

«Осыған байланысты ЖОО жатақханаларында тұруға арналған шығыстарға жылына 29 АЕК мөлшерінде ішінара өтемақы жүргізу ұсынылады. Өз кезегінде республикалық бюджетке бір мезгілде жүктемені болдырмау үшін осы тапсырманы кезең-кезеңімен іске асыру орынды деп санаймыз», – делінген жоба мәтінінде.

Бірінші кезеңде мемлекеттік әлеуметтік көмекке неғұрлым мұқтаж студенттерге, сондай-ақ жекелеген студенттерге олардың әлеуметтік қорғалмау дәрежесіне қарай тұру шығындары субсидияланады:

  • жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер – 2 769;
  • мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар – 1 667 адам.

Мұндай жағдайда үш жылдық бюджетке қосымша қажеттілік шамамен 1,1 млрд теңгені құрайды:

  • 2023 жылы қыркүйек айынан бастап – 177,5 млн теңге;
  • 2024 жылы – 463,7 млн теңге;
  • 2025 жылы – 479,9 млн теңге.

Құжат жобасын ашық талқылауға 26 сәуірге дейін уақыт берілген.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here