Кишинев Татарстан басшысын Молдоваға кіргізбей қойды

0
1023

Еуропаның оңтүстік-шығысында орналасқан Молдовада Ғағауызия автономиясы бар. Кәрі құрлықтағы түркілердің жалғыз автономиясындағы 170 мыңға жуық халықтың 85 пайызын ғағауыздар құрайды. Олар Қырым татарларына жақын, көк оғыздардан шыққан түркітілдес халық болғанымен, христиан дінін ұстанады.

Осы Молдова құрамындағы Ғағауызия автономиясына 17 сәуір күні Ресей Федерациясына қарайтын Татарстан Республикасының басшысы Рустам Минниханов пен «Ак-Барс» компаниясының бас директоры Иван Егоров бармақ болады. Дегенмен, екеуін Молдова билігі Кишинев әуежайынан шығармаған күйі Ресейге қайтарды.

Әрине, ғағауыздар жеріне табаны тимеген Рустам Минниханов үнсіз қалмады. «Кишинев Вашингтон мен Брюссельге жағымпазданғысы келді», – деді. Ал, Молдова билігінің айтар өз уәжі бар.

Автономияда ең жоғары лауазымды тұлға – Ғағауызия басшысы. Ғағауыз тілінде – башкан. 30 сәуірде ғағауыздар башканды сайлайды. Кандидаттар арасында саясаткер Виктор Петров та бар. Ресейлік қонақтар Минниханов пен Егоровты Комратқа шақырған осы Петров екен. Сондықтан автономиядағы сайлау нәтижесіне кері әсер ететінін алға тартқан Кишинев ресейлік жоғары лауазымды тұлғалардың келуін Молдованың ішкі ісіне араласу деп біледі.

Міне, Румыния мен Украинаның ортасындағы алақандай мемлекет (еліміздің ең кішкентай облысы – Шығыс Қазақстан облысының жер көлемінен үш есе кішкентай) Ресейдің жоғары лауазымды тұлғаларына осылай мінез көрсетті.

Жанар ДӘУЛЕТҚЫЗЫ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here