2024 жылы елімізде әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты өтеді

0
324

Астанада 2024 жылы әйелдер арасында бокстан әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Халықаралық бокс қауымдастығының Баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан сияқты бокс мықтылары жиналған елде IBA ірі турнирлерінің бірі өтетініне қуаныштымын. Бұдан бұрын 2016 жылы Астанада осы жарыс өткен еді. Қазіргі таңда жүлде қорын екі есеге арттырып жатырмыз. Жалпы жүлде қоры 4,8 млн АҚШ долларын құрайды. Мұның ішіне жаттықтырушыға тиесілі 10 пайыз кіреді. Бірінші орын алған әр боксшыға 200 мың АҚШ долларын береміз», – деді IBA президенті Умар Кремлев.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here