Алтайда Лениннің ескерткішін жөндеуге 1,5 млн теңге бөлінген

0
580
M4031R-4202

Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай қаласының орталық алаңында орналасқан Ленин ескерткішін жөндеуге аудандық бюджеттен 1,5 млн теңгеге жуық қаржы қарастырылды. Бұл туралы yk-news.kz хабарлады.

Алтай өңірлік мәслихатының сессиясында 2023 жылға арналған бюджетті нақтылау кезінде ескерткішті жөндеу мәселесі көтерілген. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының айтуынша, оған 1 млн 449 мың теңге қарастырылған. Жөндеу биыл жүзеге асырылады деп жоспарланғанымен, мердігерлерді іздеу бойынша тендер әлі өткізілмеген. 

«Ескерткіштің өзі емес, тұғыры жөнделеді. Ара-тұра жауын-шашын әсерінен бетон негізі құлай бастады. Ылғал, аяз және ауа райының күрт өзгеруі гранитті плиталарды қозғап, тігістері ашылған. Жөндеу кезінде плиталар бөлшектеліп, негізді жаңа бетонмен құйып орнатамыз», – деп түсіндірді «Шығыс Строй Проект» ЖШС техникалық жетекшісі Сергей Оградов.

Айта кетейік, Ленин ескерткіші 1962 жылы ашылған және ол – облыс орталығының алаңына сән беріп тұрған жалғыз ескерткіш. Ескерткіш монументалдық мүсін ретінде жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізілген.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here