Сенатор Әзербайжан Милли Мәжілісінің кезектен тыс отырысына қатысты

0
451

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Әзірбайжан Республикасы Милли Мәжілісінің Гейдар Әлиевтің 100 жылдығына арналған кезектен тыс отырысына қатысты.

Кездесу барысында сенатор Әзірбайжан Қазақстан үшін әлемдік аренадағы сенімді және стратегиялық маңызды серіктестердің бірі және тату көршісі екенін атап өтті. Ал мұндай айтулы шараларға қатысу – елдеріміз арасындағы бауырластық байланысты одан әрі нығайтудың тағы бір мүмкіндігі.

«Гейдар Әлиев – тарихи тұлға, бүкіл әзірбайжан халқының ұлттық қаһарманы. Оның Әзірбайжанның қалыптасуы мен нығаюына қосқан үлесі зор. Ол қазіргі әзірбайжандық идеологияның ұлттық жаңғыруы мен дамуының негізіне айналған идеяның негізін салушы. Ол ел басшылығына келгеннен кейін Әзірбайжанның экономикасын, саяси жүйесін, қоғамдық өмірін терең жаңғырту процесі басталды», – деді Нұртөре Жүсіп.

Сонымен қатар, депутат Кавказ Мұсылмандары Басқармасының Төрағасы Шейх-Уль-Ислам Аллашүкір Паша-Задемен  кездесті. Сенатор оған ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының құттықтау хатын берді. Хатта Мәулен Әшімбаев жылы лебізін білдіріп, Шейх-Уль-Исламның бейбітшілікті сақтауға және өркениетаралық диалогты нығайтуға қосқан баға жетпес үлесін, сондай-ақ оның әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жұмысына белсенді қатысуын жоғары атап өтілген. Сонымен қатар, Сенат Спикері Аллашүкір Паша-Задеге ізгілікке, төзімділікке және адамгершіліктің жоғары деңгейіне негізделген Исламның шынайы құндылықтарын ілгерілету жолындағы қызметіне табыс тіледі.

Осы ретте Нұртөре Жүсіп Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясы Хатшылығында болып, Бас хатшы Мехмет Сурея Эрмен кездесіп, одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here