Енді әлеуметтік желіге тіркелу үшін ата-ананың рұқсаты керек

0
537

Қазақстанда балаларға әлеуметтік желілерге тіркелу үшін ата-анасының рұқсаты қажет болады. Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Жоба 6 маусымға дейін талқыланады. Осылайша, елімізде балалар арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында олардың әлеуметтік желілерге тіркелуін шектеу шаралары қарастырылып жатыр.

Айта кетейік, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мәліметіне сенсек, Қазақстанда 2022 жылы кәмелетке толмағандар арасында суицид бойынша қорқынышты статистика тіркелген. Атап айтқанда, өз-өзіне қол жұмсау бойынша – 155, өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттену бойынша – 309 жайт орын алған. Ал, биылғы төрт айдың ішінде 47 жасөспірім суицид жасап, 137-сі өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген. Бұл үрдіс қоғамда үлкен алаңдаушылық тудыруда.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here