Әскерилер төтенше жағдай салдарын жою жұмыстарын жалғастырып жатыр

0
628

Бородулиха ауданында орын алған өрттің алғашқы күндерінен бастап «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Төтенше жағдайлар министрлігінің жалынды ауыздықтау шараларына қосылды.

Қарулы күштердің құрамалары мен бөлімдерінен жіберілген бөлімшелер ТЖ ауданында жұмысын жалғастыруда. Біріккен жедел-әскери жасақ құрамында жедел штабпен үздіксіз байланысты қамтамасыз ететін ұшқыштар, инженерлер, жүргізушілер, техниктер, байланысшылар бар.

Армия авиациясының экипаждары өрт ошақтарына су шашуды жүзеге асыруда. Инженерлік бөлімшелердің әскери қызметшілері жол салу, орман алқаптарының жалын шарпымаған маңайына топырақтан бөгеттер салу сияқты жұмыстар жүргізуде.

Жалпы, өрт ошақтары жойылды. Сонымен қатар, қатты желдің салдарынан қайта тұтану қаупі де болуы мүмкін. Осы себепті Әуе қорғанысы күштерінің тікұшақтарында жерді айнала ұдайы ұшып, бақылау жүзеге асырылмақ. Мамандар алдағы тәулікте жағдай тұрақтанады деп болжап отыр.

Іс-шараларға саны 16 бірлік автокөлік, авиация және инженерлік техника, 200-ден астам әскери қызметші жұмылдырылды. Осы күндері өрт аумағына үш жүз тоннадан астам су шашылды, техникамен және қолмен жыртылған орман алқабы алты шақырымды құрайды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here