Украина соты отандасымызды тоғыз жылға соттады

0
385

Украина соты Қазақстанның 23 жастағы азаматы Шыңғыс Сейпиевті «әскерге жалдану қылмысына» қатысты іс бойынша 9 жылға соттады. Бұл туралы «Грати» украиналық басылымы хабарлады.

Іс материалдарына үңілсек, 2022 жылғы қазанда Шыңғыс Сейпиевті ресейлік Евгений Пригожин басқаратын «Вагнер» әскери компаниясы Украинаға қарсы соғысуға көндірген. 18 қарашада оны ұшақпен Түменнен Ростов облысына жеткізген. Сол жерде ол келісімшартқа қол қойған. Әскери компания оған ай сайын 200 мың рубль төлеуге уәде берген. Желтоқсан айының басына дейін отандасымыз әскери дайындықтан өтіп, Украинаның Луганск облысының Кременная қаласына аттанған. 24 желтоқсанда оны Донецк облысы Бахмут ауданының Яковлевка ауылына жіберген. Сол жерде ол бір апта соғысқан, ал 30 желтоқсанда тұтқынға түскен.

Айта кетейік, Шыңғыс Сейпиев бұған дейін Ресейде зорлау қылмысы бойынша 10 жылға сотталып, Түмендегі №2 колонияда жазасын өтеп жүрген.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here